Жетісу облысының тұтынушыларына 12 миллионға жуық теңге қайтарылды
- Толығырақ
- Жарияланды 15.03.2024 06:08
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 251
2024-03-15
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының 544 тұтынушысы өз құқықтарын қорғауға жүгінді. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жетісу облысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің басшысы Айдос Дауешовтың айтуынша, ведомство 228 азаматтарды қабылдап, тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы 500-ден астам өтініш қабылдады. Оның 213-і бойынша тұтынушылардың пайдасына шешімдер қабылданып, 12 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Өтініштердің дені сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан, қайтарудан бас тарту туралы болды.
Спикердің айтуынша, соңғы бірнеше жылда өтініштер саны 25-30%-ға артқан. Алайда, бұл тауарлар мен қызметтердің сапасының нашарлауымен емес, халықтың құқықтық сауаттылығының жоғарылауымен байланысты.
Өңірде құқықтарды және оларды қорғаудың заңды тәсілдерін түсіндіру бойынша белсенді жұмысты «Жетісу облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігі жүргізеді. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігімен, Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті және Жетісу облыстық мәслихатымен «Сапалы өнім» жобасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойыпты.
«Сапалы өнім» жобасы ҚР сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Оның міндеттеріне тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдарды, кәсіпкерлік қоғамдастықты ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау кіреді. Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 200-ден астам түрі зерттелді және оның 40 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі нормативтерінің бұзылуы анықталды.
Айдос Дауешовтың айтуынша, 2024 жылға өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша сараптамалық жұмыстарды жүргізуге және оның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға шамамен 200 млн.теңгені пайдалану жоспарланған.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрағасы Амир Газалиев осы саладағы заңнама нормаларын бұзуды алдын алу әлдеқайда тиімді екенін атап өтті. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың тығыз өзара іс-қимылы тұтынушылардың мәселелерін сот ісін жүргізбестен шеше алады дейді.