Түйіткілді мәселелердің шешілуіне бағыт-бағдар берді
- Толығырақ
- Жарияланды 28.03.2024 06:27
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 253
2024-03-28
✅ «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Халыққа көмек» жобасы аясында қабылдау өтті. Аталған қоғамдық қабылдауды «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы өткізді.
✅ Ерлан Өмірғалиұлы аудан тұрғындарын қабылдап, әлеуметтік, қоғамдық және өзгеде ортақ түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етілуіне бағыт-бағдар берді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініші негізінде қолданыстағы заң аясында толық кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#AMANAT