Шешімі табылған мәселелер
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2024 08:26
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 228
2024-03-15
Наурыз айының 15 жұлдызында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Азат Жақыбай ашып, жүргізіп отырды.
Комиссия отырысында төрт мәселе қаралды. Бірінші қаралған мәселе бойынша Бірлік ауылдық округі ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы баяндады, ал екінші қаралған мәселе бойынша аудандық
«Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаралды. Сонымен қатар, Панфилов аудандық «Ұйымдастыру бөлімі»мемлекеттік мекемесіПанфилов ауданында сайлау учаскілерін құру туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Панфилов аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі Панфилов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы жобаларымен таныстырып Комиссия отырысында ұсынылған жобалар қанағаттанарлық деп кеңес мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп біраздан дауыстарын берді.