Жылы шырайлы жүздесу

                Желтоқсанның  14-ші жұлдызы күні  аудан  әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев әйгілі Желтоқсан оқиғасына  қатысушылар:   Панфилов  аудандық  «Жаркент  өңірі» газетінің директор –бас редакторы Бағдат Айтмұқаева мен Сарыбел ауылының  тұрғыны  Ерік  Шәймерденовті   қабылдады.

 

                Ұлы мекен-Тәуелсіздік күніне орай өткен бұл кездесуде Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Бағдат Айтмұқаева   мен  Ерік Шәймерденов  1986   жылғы   желтоқсан оқиғасының  зұлматты күндері жайлы естеліктерін   айтты.

                Аудан  әкімі  Бердәулет  Ешенұлы  Желтоқсан  оқиғасының ел тарихындағы елеулі тарих беттерінен  саналатынын жеткізіп, ол  күндердің өшпейтіндігін, жас ұрпаққа  үлгі  болатынын  атап көрсетті. Бердәулет Ешенұлы Желтоқсан оқиғасына  қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап,  оларға бағалы сыйлықтар мен алқызыл  гүл  шоқтарын  табыс   етті.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net