ЕЛ ҚОРҒАНЫ - ЕР ЖІГІТ

2024-05-10


Отан қорғау - әрбір азамат үшін биік мәртебе. Сондай -ақ, бұл туған елдің, болашақ ұрпақтың алдындағы үлкен жауапкершілік.

 


Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, ержүректілікке, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 4 мамыр Жаркент қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық» атты танымды сағат өткізілді.
Аталмыш шара №74261 әскери бөліміндегі Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жас сарбаздардың қатысуымен өтті.
№74261 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы, майор Бақытбек Дәуренбеков сөз сөйлеп, жаңа келген сарбаздарға ыстық лебізін айтып өтті. Жас сарбаз Арман Сағатов ұлттық әскер мемлекетіміздің берік тірегі, тәуелсіздігіміздің кепілі екенін, Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзету, Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету, әр азаматтың перзенттік парызы екенін айтып өтті. «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты ұйымдастырылған кітап көрмемен кітапханашы А.Жетпісбаева таныстырды.
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842025