ЖАС ПАТРИОТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 10.05.2024 05:07
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 200
2024-05-10
Жуырда ауданымыздан Крылов атындағы орта мектебінің мектеп директоры Мөлдір Көщеғұлова, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Хамиз Еспембетов және де 8 сынып оқушысы Албина Салин мен Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Аружан Ермек Есік қаласында өткен «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты жас патриоттар Академиясының республикалық ІІ Форумына қатысты. Форумға Алматы және Жетісу облыстарындағы жас патриоттар жиналды. Сонымен қатар, форумға облыстық жас патриоттар Академиясының мүшелері, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары, Алматы, Жетісу облыстарының аудандық, қалалық білім бөлімдерінің алғашқы әскери дайындық саласына жауапты әдіскерлер, патриоттық байқау жеңімпаздары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, патриоттық клуб жетекшілері, АӘД пәні мұғалімдері, ата-аналар қатысты.
Форумды ұйымдастырушылар-«Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» Қоғамдық Бірлестігінің Алматы, Жетісу облысы филиалы, Алматы облысы Білім басқармасы, Алматы облысы Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Форумның мақсаты мен міндеті – «Туған жер» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты патриоттық рухта, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білуге тәрбиелеу мақсатында облыстағы жас патриоттар жұмысын жандандыру. Бұл тұжырымдама креативті идеяларды табуға, идеологиялық тәрбиені жандандыру және де Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер дәуірінде соңғы екі онжылдықтарда оқушы жастарды патриотизмге тәрбиелеу проблемасы өзінің маңызын жойған жоқ, бұрынғыдан да күшейе түсті. Патриотизм бұл Отанға берілгендік, өз халқына сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі, оның табыстары мен жеңістеріне қуану, оның мүдделеріне қызмет етуге тырысу және Отанды қорғауға дайын болу мақсатында өтті.
Форумда ауданымыздан барған Мөлдір Көщеғұлова мен Хамиз Серғалиұлына «Алғыс хат» және Албина Сәкенқызына Қазақстан Республикасы «Жас патриот» медалімен марапатталды.
Республикалық форум аясында 2024-2025 оқу жылында Крылов атындағы орта мектеп оқушыларнан «Жас шекарашылар сыныбын» ашу туралы да ұсыныс берілді.
Бұл форум білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбиені жүргізуде инновациалық технологияларды пайдаланып, ары қарай жетілдіру және соның аясында жұмыс жүргізу.
Өздеріңізге мәлім қазіргі жастардың пікірінше, патриотизм Отанды сүю сезімімен ғана шектелмейді, сондай-ақ білімге құштарлық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді де қамтитын ауқымды ұғым. Патриоттық істің үлкен-кішісі болмайды, қоршаған ортаны қорғау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де мен үшін патриотизмнің белгісі,- дейді алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Хамиз Еспембетов.
«Патриот жас – өз Отанын сүйетін, кешегісін біліп, ертеңін ойлап, бүгін оның дамуы үшін өз саласында кішкентай болсын үлесін тигізуге әрекеттеніп жүрген адам. Патриот болуды әр жас өзінен бастап, кез келген әрекетінің астарында ел мүддесі мен ұлт мүддесі болуына баса назар аудару керек.
Сымбат ӘБДІРЕШ.