Депутаттар есептік кездесу өткізді

2024-05-14


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының мәжіліс залында Жетісу облысының мәслихат депутаты Тулақбаев Руслан Мұстапаұлының сайлаушыларымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге Панфилов ауданының мәслихат төрағасы Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы, AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы және партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты.

 

Панфилов ауданының мәслихат төрағасы Ерғали Шоқпаровтың төрағалығымен өткен жиында Руслан Мұстапаұлы баяндама жасап, 2023 жылы атқарған жұмыстарын, тұрақты комиссияда талқылаған мәселелерін, сессияда қаралаған ұсыныстар мен қабылданған шешімдері жайлы, оған қоса әр өткізген жеке қабылдауларын, түскен арыз-шағымдарын, шешілген тұстарын толықтай айтып өтті.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4521100