Ақбөкен мүйізін саудаламақ болғандар ұсталды

2024-05-23

Алматыда ақбөкен мүйізін саудаламақ болғандар ұсталды.

 

Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы полицейлері мен ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жетісу облысы бойынша қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды. Арнайы операция кезінде Hyundai автокөлігі тоқтатылған, оның ішін тінту барысында 1212 дана 8 қап мүйіз табылып тәркілінген. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4521431