«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ 6500 ЖЕТІСУЛЫҚТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ БОЙЫНША ОҚЫТАДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 28.05.2024 06:31
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 217
2024-05-28
Жоба басталғаннан бері барлығы 3000-нан астам қатысушы қаржылық сауат бойынша оқытудан өтті.
Жетісуда жоба 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап облыстық әкімшілікпен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Мақсат - Проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру, қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету.
Жоба басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін 13 топ оқытылып, барлығы 3000-нан астам қатысушы қаржылық сауат бойынша оқытудан өтті.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу басталғанын естіп, қатысуға келетіндер көбеюде. Әр лектің қатысушылары алғыстарын білдіріп, өте маңызды ақпараттар алғандарын айтуда. Қатысушылардың көбі өздерінің және жолдастарының атынан несие алып, қарыздары көбейгендер. Оның ішінде бірнеше несие алып, айлықтары несие төлеуден артпайдыОқуға қатысып қаржылық сауаттылықтарын арттырып, оқуда көп тиімді жақтарын үйреніп жатыр. Оқу барысында тек қана несие өтеу емес, отбасылық бюджетті үнемдеу, сонымен қатар бизнес ашу жолдарында үйреніп жатыр,- дейді «Қарызсыз қоғам» жобасының оқытушысы, экперт Айгул Бералиева.
Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.