"ТАЗА БЕЙСЕНБІ" АПТАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨҢІРІМІЗДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
- Толығырақ
- Жарияланды 27.06.2024 05:36
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 185
2024-06-27
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. Бүгін Панфилов ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудандық филиал қызметкерлерімен қатар «Жастар рухы» жастар қанаты қатысты. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және аудан тұрғындары да белсенділік танытты.
- Әлем ғалымдары ондаған жылдардан бері экологиялық апаттың жақындауы туралы дабыл қағуда. Әр түрлі салаларда жүргізілген зерттеулер адам әрекетінің салдарынан климат пен сыртқы ортаның жаһандық өзгерістеріне тап болдық деген қорытындыға келді. Өзге мемлекеттер секілді Қазақстан қоршаған ортаға қатысты ауқымды әрі маңызды мәселелерге тап болды. Қалыптасқан жағдайды ретке келтіруде жалғыз мемлекеттің күші жеткіліксіз. Еліміздің барлық тұрғындарының қосылуы қажет. Сондықтан еліміздің экологиясын қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жалпыұлттық жұмысты қос қолдап қолдаймын, - деді «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.
#TazaBeisenbi
#AMANAT