Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 03.07.2024 06:44
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 166
2024-01-29
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы
партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары және аудандық партия филиалының төрағасы Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Аудандық партиялық бақылау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына толықтырулар енгізіу.
2. Панфилов аудандық Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі комиссиясының бекітілген міндеттерін атқаруы бойынша және пайдаланбаған немесе мақсатсыз пайдаланған жерлерді қайтару бойынша атқарған жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Төлеухан Нұрдәулетұлы Керімбековтің есебін тыңдау;
3. Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының қызметі 2023 – 2024 жылдары атқарылған жұмыстары туралы (депутаттардың жұмысын тексеру, партиялық жауапкершілікке тарту, мандаттан айыру)
4. Жаркент көпсалалы колледжінің 2023 – 2024 оқу жылдарындағы атқарылған жұмыстары мен колледж жұмысын жандандыру мақсатында жасалған жоспарлары және атқарған жұмыстары туралы колледж директоры Байұзақ Сағындықұлы Бажиевтің есебін тыңдау;
Жиын соңында қаулы қабылданып, баяндамашыларға және өңірлердегі партиялық бақылау комиссияларына ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
#AMANAT