«Таза бейсенбі» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

2024-07-04


 

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бүгін партияның аудандық филиалының белсенділері мен «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері аудандағы өзендердің жағасын тазалауға шықты.

 

Атап өтейік, акция барысында аманаттықтар өзен бойындағы пластикалық және шыны құтыларды қапқа салып, аумақты ретке келтірді.
«Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара апта сайын жалғасып келеді. Бір өкініштісі өзен бойына келген азаматтар отырған орында қалдықтарды тастап жинап кетпейді. Сол себепті бұл жерлер қоқыс орнына айналған. Біздер мұны тазалап қана қоймай, акция арқылы аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз»,- деді «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.
#TazaBeisenbi
#AMANAT

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4521516