Жетісуда жыл соңына дейін 30 елді-мекен газға қосылады.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.07.2024 09:53
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 169
2024-07-12
Өңірде бүгінгі күні 33 елді-мекен газдандырылып, аймақты газдандыру деңгейі 46% қамтып отыр. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен газға қосылады.
Бүгінгі таңда құны 131 млрд. теңге құрайтын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ұзындығы 302 км, 6 автономды газ тарату станцияларын орнату көзделген. Жалпы 433 км газ тарату желілері салынбақ. Нәтижесінде 124 мың тұрғыны бар 66 елді-мекенді газға қосылады. Жыл соңына дейін өңірдегі 192 елді-мекен толық газдандырылады.