«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба іске асырылмақ

2024-07-19


«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба жүзеге асырылады. Ол қатысушылардың өз бастамаларын ілгетілетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Байқауға қатысушылар өтінімі 22 шілде мен 16 тамыз аралығында электронды нұсқада қабылданады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ үйлестірушісі Ержан Даулетбаев пен Қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы саясаты бөлімінің бас маманы Жанерке Бексеитова мәлімдеді.
«Тренинг форматында өтетін үш күндік оқыту бағдарламасына 50 іскер әйел азаматтар қамтылмақ. Оқу көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстан саясаты және трансформациялануы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, жобалық менеджмент әдістері, ойлау дизайны бойынша модульдерді қамтиды», - деп атап өтті спикерлер.


Ережелерге сәйкес мына сілтеме бойынша онлайн-нысанды толтыруға тиіс: https://forms.gle/Hsea72ioarFxWFGV9
1. хаттың тақырыбында «Tomiris» / Аты-жөні / аймақ» деп жазып, электрондық поштамен ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) мына құжаттарды жолдау қажет:
2. Құжаттар тізімі:
а) Жеке куәліктің көшірмесі.
b) Мотивациялық хат (500 сөзден көп емес).
с) Түйіндеме
d) еркін формадағы ұсыныс хат.

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4628852