«Сот кабинеті» – ҚР Соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі

2024-07-19


Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Оған спикер болып департамент басшысы Болат Джукенов қатысты.


«Сот әкімшілігінің басым мақсаты – сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау. Бүгінде департамент тарапына кіріс құжаттары бойынша 54 743 іс түскен, оның ішінде мемлекет тілде 29 181, ал шығыс құжаттары мемлекеттік тілде 40 845, ішкі құжаттар бойынша 3817 іс түсті», - дейді спикер.
Департамент басшысы өз сөзінде соттың электрондық сервисіне қол жеткізудің тәсілін де атап өтті. «Сот кабинеті» қызметі арқылы – кез келген жеке немесе заңды тұлға осы сервистің көмегімен талап қоюмен жүгіне алады, сот процесінің белгіленген күнін біле алады немесе үйден шықпай-ақ, сот актісін ала алады. Мәселен, бірінші жартыжылдықта «Сот кабинеті» сервисі арқылы 6656-дан астам талап қоюлар келіп түскен.
Департаменттің қазіргі уақытта толымдылығы 88 пайыз. Өңірде судьялар мен сот Әкімшілігінің штат саны 264, судьялардың саны – 75. Оның ішінде облыстық сот судьяларының саны – 15, аудандық соттардағы судьяларының саны – 60, мемлекеттік қызметшілердің саны – 189, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметкерлері – 145 бірлік.
Оған қоса, спикер мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған Жоғарғы оқу орындарындағы түлектер кем дегенде 3,33 GPA оқу нәтижесімен конкурстан тыс аудандық соттарда басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алатынын атап өтті. Сондай-ақ, заң қоғамдастығының өкілдері Сот әкімшілігі департаментінің персоналды басқару бөлімі арқылы судья лауазымына конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін алып, құжаттар тапсыра алатынын қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4521427