Өңірде «Таза бейсенбі» апталық акциясы қарқынды жүріп жатыр
- Толығырақ
- Жарияланды 01.08.2024 11:53
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 137
2024-08-01
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. Бүгін Панфилов ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сарыбел ауылдық округінің Жетісу Алатауы аймағы тұрмыстық және тағы да басқа қатты қоқыстардан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Арнайы техникалар тартылып, қоқыстар шығарылды.
Табиғат пен экология - адамзаттың үйі секілді жеке бір қоғам болып есептеледі. Ал оны таза ұстау адамдардың азаматтық парызы мен міндеті. Туған өлкеміздің экологиясы мен табиғат жағдайына біз жауаптымыз. Ал аса жауапкершілікпен жасалған әрбір іс қоғамға мол пайдасын берері сөзсіз.
Туған жеріміздің әрбір тұрғыны, әрбір гүлі, тасы мен түтіні өзіміз үшін аса қымбат. Ал сол құндылықтарды таза күйінде сақтау, ол үлкен жетістік. Болып жатқан өзгерістер мен экологиялық қиындықтарға бірлесе шешімін тауып, жарқын болашақ үшін барынша күш салуымыз керек. Бұл тек жергілікті халыққа ғана емес, жалпы адамзат баласына ортақ міндет.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.
#TazaBeisenbi
#AMANAT