Президент жолдауын мұқият тыңдадық!
- Толығырақ
- Жарияланды 02.09.2024 11:49
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 123
2024-09-02
Бүгінгі жолдаудан көңілге түйгеніміз төмендегідей:
Еліміздің ұлттық қоры ел игілігі үшін ғана жұмыс жасайтын болды.
Қаржылық құрылымдардың жұмыс жүргізу бағыттарын реттеуге мүмкіндіктер болады.
Теміржол саласының күрмеуі келмей тұрған мәселелерімен айналысатын уақыт жеткендей.
Елдің басты экономикалық құраушы мамандары жұмысшы маман екендігін мойындайтын жыл жарияланды.
«Таза Қазақстан» жобасының нәтижелі жоба екендігіне көз жеткіздік.
Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлайтындығымыз жарияланды.
«Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне айқын басымдық берілді.
Ел ішіндегі өнертапқыштардың еңбегі де қолдау көретіндігі қуантты.
Президенттің алдымызға қойып отырған міндеттемелерін әр бір қызметкер отансүйгіштікпен мойындап қолдау көрсетсе нәтиже айқын болмақ!
Жолдауға қолдау көрсетейік!
Ерлан Оспанбаев, аудандық "AMANAT" партиясының төрағасы