ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНА НАҚТЫ ҚОЛДАУ
- Толығырақ
- Жарияланды 02.09.2024 12:07
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 137
2024-09-02
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау әрбір сала қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді, сондай-ақ маңызды мәселер, түйінді тапсырмалар, тізбектелген болашақтың бағдаршамы сияқты айқын.
Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
Сонымен қатар тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап өтті.
Әрбір Қазақстандық жолдауда көрсетілген жоспарларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға қашан да әзір және тыңғылықты дайын болуы тиіс.
Ендеше осы Жолдау бүкіл Қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге жетуге, біршама белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат деп білемін. Жолдауға қолдау көрсету – баршаның парызы.Еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік болсын!
Ризван Сакиева,
Жетісу облыстық мәслихат депутаты