Жолдау - елдің дамуына негіз болмақ
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2024 11:37
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 100
2024-09-03
Күні кеше ғана ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі 6- шы “ Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауын жолдады.Жолдау терең әрі маңызды салаларға арналған. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты.
Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет. Біздің міндет Жолдауда көтерілген мәселелерді халық арасына түсіндіріп, насихаттау болып табылады.
Жолдау - бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу. Ертеңіміз бүгінгіден де нұрлы, ынтымағы жарасқан ел болайық.
Гүлжан Құрманбекова,
Керімағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі