АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰЙҒЫР ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
- Толығырақ
- Жарияланды 10.09.2024 11:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 79
2024-09-10
Бүгін Жаркент қаласындағы Ұйғыр этно-мәдени орталығында атом электр станциясының құрылысы адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жайында кездесу өтті.
Кездесуде радиациялық қауіп-қатерлер және олардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері секілді маңызды сұрақтар талқыланды.
Серікбай Көбелеков: «Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттар шығармайды. Оның сөзіне қарағанда, АЭС-тен келетін радиациялық әсердің үлесі өте аз, ал әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғатқа қауіпсіз екенін дәлелдеп отыр» - деп мәлім етті.
Сонымен қатар, атом энергетикасы қазіргі таңда «жасыл» энергия көзі ретінде қарастырылатыны, тіпті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза энергия көзі екені ерекше атап өтілді. Ядролық отынды қайта өңдеу және қауіпсіздікті арттыру мәселелері де әлемдік деңгейде белсенді түрде талқыланып жатыр.
Кездесу өңіріміздің болашағы үшін қауіпсіз және таза технологиялардың маңыздылығын түсінуде пікір алмасу алаңына айналды.