Елімізде АЭС салу басты назарға алынды
- Толығырақ
- Жарияланды 17.09.2024 10:58
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 89
2024-09-17
Қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауын жолдады. Онда еліміздің экономикасына қажетті барлық шаралар қолға алынып еліміздің дамуына әр жанның үлесі қосуы керектігі айтылды. Ал бүгінде ел ішінде талқыланып жатқан мәселе Атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық әлеуетін арттырудың маңызды қадамдарының бірі болып саналады.
Әлемнің дамушы елдерінде АЭС тұрақты және тиімді жұмыс істеп, оларды энергияның сенімді көзі ретінде пайдаланып келеді. Қазақстан үшін де осындай технологияларды қолдану уақыты жетті. АЭС салуда ең басты назар қауіпсіздікке аударылуы қажет. Мұндай жобаларды жүзеге асыруды құрылыс сапасы мен технологиялық стандарттарға сәйкес әлемнің жетекші елдерімен бірге атқару маңызды, себебі АЭС құрылысы сапасыздықты кешірмейді.
Төлебай ЕЛЕУСІЗОВ,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы