Ел экономикасы даму жолында біз біргеміз
- Толығырақ
- Жарияланды 17.09.2024 10:59
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 75
2024-09-17
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын жеткізді. Осы жылы Жолдаудың тақырыбы «Әділетті Қазақстан: Құқықтық Тәртібі, Экономикалық Өрлеу, Қоғамдық Оптимизм» болды. Жолдаудың тақырыбы айтып тұрғандай еліміздің экономикалық өрлеуіне, қоғамдық сананы дамытуға ерекше көңіл бөлініп, сол салада жұмыстардың жүргізілуін талап етті.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда қоғамда атом электр стансасы төңірегінде сан түрлі пікір бар. Оған себеп Чернобыльдегі апат, Семей аймағындағы ядролық сынақтардан шошынып қалған халықтың АЭС жұмысына үмітінен қорқынышы басым. Жапония мен АҚШ сияқты ғылым-білімі жан-жақты дамыған елдің өзі толық қауіпсіздікті бере алмағандықтан, Қазақстанда АЭС салуға қатысты ел арасында екі түрлі пікір қалыптасқан. Яғни, бірі АЭС керек емес десе, бірі өндіріс секторларын және электр энергиясына деген жалпы қажеттіліктерді қанағаттандырудағы берер мүмкіндіктері мол деп құптарлық пікірлерін жеткізіп жатқандары бар. Осы тұрғысында да халыққа АЭС салудың елімізге керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек», деп өз пікірін білдірген болатын. Президенттің тапсырмасымен бұл мәселе бойынша 6 қазанда жалпыұлттық референдум өткізіліп, ел талқылауына салынып, Орталық сайлау комиссиясы атом электр стансасының құрылысы бойынша референдум өткізуге дайындық үстінде. Қоғамның талқылауында жүрген АЭС салу мәселесін мен қолдаймын, ол экономиканың дамуына өзіндік септігін тигізетіні сөзсіз.
Азат ЖАҚЫБАЙ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы