Аудандық халықтық штаб мүшелері амбулатория қызметкерлерімен кездесті
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2024 09:42
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 74
2024-09-18
«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві болып табылады. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр.
Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады», - деді Мақсат Талғатұлы.
Штаб мүшесі Турған Зурдунович: «Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттар шығармайды. Оның сөзіне қарағанда, АЭС-тен келетін радиациялық әсердің үлесі өте аз, ал әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғатқа қауіпсіз екенін дәлелдеп отыр» - деп мәлім етті.
Сонымен қатар, атом энергетикасы қазіргі таңда «жасыл» энергия көзі ретінде қарастырылатыны, тіпті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза энергия көзі екені ерекше атап өтілді. Ядролық отынды қайта өңдеу және қауіпсіздікті арттыру мәселелері де әлемдік деңгейде белсенді түрде талқыланып жатыр.
Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді. Бұлай жалғаса берсе, энергетикалық тәуелділігімізді арттырып, аталған саладағы нарық қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсіндірді.
Өз кезегінде ақхалаттылар және ауыл тұрғындары түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, атом электр станциясының салынуын қолдайтындықтарын білдірді.