АЭС салу бастамасына қолдау көрсету
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2024 09:47
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 73
2024-09-18
Үшарал ауылының «Айгөлек» балабақша ұжымымен Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдау мақсатында кездесу өтті.
Шараға аудандық Халықтық штаб мүшесі, мекеме ұжымы қатысты. Кездесуде штаб мүшесі АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін ашып айтты.
Орайы келгенде, мекеме ұжымы ойларын ортаға салып, АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолдайтындықтарын білдірді.