АЭС салуда қауіпсіздік басты назарда
- Толығырақ
- Жарияланды 24.09.2024 12:40
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 94
2024-09-24
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылындағы «KTZE-KHORGOS GATEWAY» еңбек ұжымымен кездесіп, АЭС салу төңірегінде елді толғандырған мәселелерге толыққанды жауап берді.
Штаб мүшесінің сөзінше, Қазақстан жоба бойынша АЭС-тің ең қауіпсіз түрін таңдаған. Ал, апат болған Чернобыль мен Фукусимада ескі әдіс қолданылған. Түсіндіре кетсек, АЭС реакторы сумен жұмыс істейді, нақты айтсақ, ысытылған су турбиналарды айналдыру арқылы қуат көзін өндіреді. Сонымен қатар, реакторды сумен салқындатады. Бұрын реакторлар бір контурлы салқындату әдісімен жұмыс істеді. Апат болған АЭС-тер осы әдісті қолданды. Яғни, бір контурлы салқындату – реакторды бір ғана желі салқындатады деген сөз. Қазір екі контурлы салқындату әдісі қолданады. Бірінің жұмысын екіншісі жандандырады. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан әлдеқайда тиімді екен.
«Қазір әлемде қолданып жатқан АЭС-тер екі типті жұмыс істейді: бір контурлы және екі контурлы. Реактордағы реакциялардың салқындату және энергия өндіру тәсілі бұл. Бір контурлыда реактор бір желі арқылы салқындатылады. Ал екі контурлыда су-су-реактор әдісі қолданылады. Реактор екі мәрте салқындатылады. Бұның біріншіге қарағанда қауіпсіздігі жоғары. Жер шарында 400-ден аса реактор болса, оның 200-і осы әдісті қолданады. Әлемде салыну әдісі мен технологиясына сай АЭС-тер бірнеше буынға (поколение) бөлінеді. Әзірге айшықталған 5 буын бар. Соның төртеуі жүзеге асқан, соңғы буын әзірге жүзеге асқан жоқ. Апат орын алған екі стансы да ІІ буынға жатады. Бұл 1967 жылы салынған реакторлар. Ал біз ІІІ+ буынды реактор салуды көздеп отырмыз. Жүзеге асқан жалғыз V буынның АЭС-і Қытайда. Қазақстанның таңдауы түскен буындағы АЭС-тер әлемде өз қауіпсіздігін дәлелдеді», - деді Ғалиасқар Сарыбаев.