Экономикалық мүмкіндіктер жайы таразыланды
- Толығырақ
- Жарияланды 24.09.2024 12:41
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 103
2024-09-24
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Амангелді Толамисов Жаркент қаласындағы Хамраев атындағы орта мектеп мұғалімдерімен кездесті.
Қаншама жыл білім саласында тер төккен ҚР Парламенті сенатының депутаты ұстаздарды АЭС салу төңірегіндегі үрейін сейілтіп, Қазақстанды экономикалық мүмкіндіктерге жол ашатын жобаны қолдауға шақырды. Айтуынша, АЭС салуда қауіпсіздік басты нысанада екен.
Қауіпсіздік мәселесі еліміздегі атомдық физика ғалымдарын да алаңдатпай қоймайды. Мәселен, Чернобыльдегі апат әлемге сабақ болды. Сол атом электр стансысы жарылғаннан кейін әлем елдерінің бәрі стансалардың қорғаныс қабырғаларына қатты мән бере бастады. Оны да ұмытпау керек. Қазір олардың мықты болғаны сондай, егер әлемдегі ең үлкен А-38 ұшағы АЭС-тің үстіне әуеден 10 шақырым биіктіктен келіп құлайтын болса, оған ешқандай зақым келтіре алмайды. Осы сияқты қорғанысы мен қауіпсіздігі жетеді, - деді спикер.
Жоспарлы АЭС-ті салуға 8000 мың адам жұмылдырылады. Бұл да экономикалық тұрғыдан ел халқын жұмыспен қамтуға үлкен серпін болмақ. Ал АЭС пайдалануға берілгенде 2 000 адам жұмыс істейтін болады. Олардың 300-і жоғары білімді, 1 500-і арнайы мамандықтар бойынша, қалған 200-іне мамандықтың қажеті жоқ.
Сонымен қатар, жұрт дабыра қылып жүрген Балқаштың флорасы мен фаунасына ешқандай қауіп жоқ. Шынтуайтыны керек, АЭС-ті кез келген жерге салуға болмайды. Халықаралық МАГАТЭ-нің де ұйғарымы ескеріледі. Былтыр күзде осы ұйым өкілдері Балқаш көлінің маңайында АЭС салуға еш кедергі келтіретін факторлар жоғын дәйектеді.
Жалпы, атом электр стансысын салу бір күнде туындаған жоқ. Пікірталас сонау 90-шы жылдарда басталды. Әрине, бізде бұл тақырыпқа ерекше көзқараспен қарауға негіз бар, өйткені біздің Семей полигоны – біздің үлкен қиыншылығымыз. Бірақ жерүсті және жерасты жарылыстар мен ғылыми бағыттарды салыстырудың қажеті жоқ. Оның дәлелдерін мамандар дәйектеп көрсетті.
Қазақстанға АЭС салудың уақыты әлдеқашан жетті, - деді Амангелді Толамисов.