Үшарал орта мектеп ұжымына аэс бойынша түсіндірме жұмысы жалғасын тапты

2024-09-25

 

АЭС еліміздегі өндірісті және көптеген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтере алады. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі Аудандық халықтық штаб мүшелері Ш.Уалиханов атындағы мектеп ұжымымен кездесу барысында айтты.

 

Кездесу барысында штаб мүшесі Ерлан Өмірғалиұлы атом электр станциясының мемлекеттің дамуына әсер ететін факторларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасына қосар үлесі туралы сөз қозғап, жаңа жобалардың артықшылықтарын атап өтті.

- «Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% - қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Біріншіден жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетсе, екінші жағынан елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп барады. АЭС аталған мәселелерді шешудің дұрыс жолы деп айтуға болады», - деді Төлебай Елеусізов.

Ақпаратпен мұқият танысқан мектеп ұжымы АЭС салу мәселесін қолдайтындықтарын ашық білдіріп, штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында тұрғындар АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840201