ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 01.10.2024 12:27
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 65
2024-10-01
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері Алтыүй ауылдық емхана ұжымымен кездесті. Штаб мүшелері ақхалаттыларға атом электр станциясының маңызы туралы түсіндіріп кездесу өткізді.
Штаб мүшесі Ризван Сакиова АЭС-ке қатысты және еліміздің энергетика саласының қазіргі жағдайына байланысты ақпараттарымен бөлісті.
- АЭС салу мәселесінің көтеріліп жатқаны бекер емес. Қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы сезіле бастаған. Бұл туралы сала мамандары айтып келеді. Бүгінде біздің энергия көзін көмір арқылы алып отырмыз. Алайда, ұзақ жылдар жұмыс істеген станциялар бүгінде тозығы жеткен. Оны қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлу тиімсіз. Сондықтан мәселені шешу үшін атом энергиясын қолдаған дұрыс», - деді Ризван Сакиова.
Сондай-ақ Хасан Ахметов парниктік газ шығарындылары аз және үлкен көлемде электр қуатын өндіру қабілетіне ие энергия көзі болып табылатыны және жаһандық экологияны қамтуда маңызды рөл атқаратын айтты. Дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтыны бойынша ғалымдардың дәлелімен түсінік берді.