«Қорғас ШЫХО» кедендік операцияларды цифрландыру бойынша шаралар қабылдауда
- Толығырақ
- Жарияланды 04.10.2024 06:28
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 76
2024-10-04
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қорғас ШЫХО» кедендік бекетінде шекарадан өтетін жеке тұлғалардың тауарларын тіркеу және тасымалдау үшін «Кеден» ақпараттық жүйесін пилоттық жоба ретінде іске асыруда. Жаңа жүйе халықаралық стандарттар мен озық практикаға сәйкес әзірленген.
Ол мемлекеттік шекарадан өту уақытын қысқартуға және кедендік рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді. Атап өтейік, бүгінгі күнге дейін 106 712 жеке тұлғаның тауары өңделді.
Бұдан бөлек, департамент тарапынан кеден заңнамасын бұзушылықтарды уақтылы анықтауға бағытталған кедендік бақылау процесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері кеден органдары 10 000 АҚШ долларынан асатын ақша қаражатын әкетуге 151 әрекеттің жолын кесті.
Осы кезеңде ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп 17 мыңнан астам темекі өнімі, оның ішінде 1800 дана электронды темекі, 2 мыңға жуық аң терісі, 300 дана ақбөкен мүйізі, 100-ге жуық бөтелке алкоголь ұсталды.
Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тауарлар мен жеке тұлғалардың ретсіз қозғалысын алдын алу, сондай-ақ «Қорғас ШЫХО» аумағында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөнінде белсенді іс-қимылдар әлі де жалғасуда.