ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ДАУЫС БЕРДІ

2024-10-06

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауысын берді.

 

Мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалғанды жөн көрмеген жас жігіт, елдің жарқын болашағы үшін істеліп жатқан іигілікті істерге ат салысуды борышым деп танып отыр. 

– Мен әуелі ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен аттас болғаныма қуанамын. Оның өзі үлкен бір шабыт сыйлайды. Одан кейін мұндай тарихи оқиғаға қатысқан кезде көңілім алаңдаулы болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Күннің жарығымен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС-те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз, –  деді Қасым-Жомарт.


Медет ЖҰМАБАЙ

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840342