Көптің мүддесі –көңіл төрінде
- Толығырақ
- Жарияланды 19.01.2018 08:04
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1992
Ауданымызға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Амангелді Айдарұлы Дәуренбаев Жаркент крахмал-сірне зауытында болып оның жұмысымен танысты. Одан кейін жаңадан салынған Х. Хамраев атындағы орта мектепті аралап көрді.
Халық қалаулысымен кездесу аудан әкімдігінде өтті. Кездесуге мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, ардагерлер, шаруа қожалығының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөзді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Дәуренбаев алып, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде әңгіме қозғады. Бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды.
Кездесу барысында «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрағасы Ә.Жолдасов шаруашылығындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Шаруаларға субсидия керектігі сөз болды.
Сондай-ақ түрлі сұрақтар қойылып, оған қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарылды.
Ж. Нұрақынұлы .