18 ЖАСҚА ТОЛҒАН САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2024 07:06
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 77
2024-10-06
Алакөл ауданы, Көктұма ауылының №67 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған сайлаушы Айтхан Сандуғаш алғаш рет, алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне дауыс берді.
Алғаш рет дауыс беруші Айтхан Сандуғаш: “Бүгін Қазақстан үшін маңызды шешім күн. Әсіресе, біздің болашағымыздың жарқын болуына әсері мол. Барша жастар ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасайтынына сенімім мол” - деді.
Ең жас алғашқы дауыс беруші ретінде Сандуғашқа арнайы сыйлық тарту етілді.
"Жетісу-Ақпарат"