Тұрғындармен жүздесті
- Толығырақ
- Жарияланды 19.01.2018 08:22
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 2022
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыс, аудандарға шығып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, Елбасының саясатын насихаттауда. Олар халықтың пікір-ұсыныстарын білу үшін де елмен етене араласып, әңгімелесуде.
Қаңтар айының 5-і күні аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумов аудан тұрғындарымен кездесті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп отырды. Өткен жыл қазақ елі үшін айтулы оқиғаларымен есте қалғанын, мемлекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, халықтың жағдайы жылдан-жылға жақсарғандығын сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ауқымды шаралар өткендігі жөнінде айтқан аудан әкімі Т.Бектасов Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғандығын айтты.
Шара барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Нурумов Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қазақ елі дүниежүзіне танылып, экономикасы мен мәдениеті өркендеген, ұлтаралық татулықты берік ұстанған Қазақстан елінің болашағы жарқын екенін баяндады.
Кездесу барысында еңбек ардагері Е.Сәбденбеков, аудандағы қоғамдық кеңестің мүшесі Қ. Ашимова, дүнген этномәдени орталығының төрағасы И.Лосанов сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесуге Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ә.Оралов, республикалық «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Е.Асметов қатысты.
Кездесу соңында Қазақстан ұйғырлары ассоциациясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Нурумов Пенжім ауылының тұрғыны, еңбек ардагері А.Надировқа «Сахавәт» медалін салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ қаладағы «Жібек жолы» даңғылының бойынан орын тепкен ұйғыр этномәдени орталығының ғимаратын «Достық үйі» деп атасақ – деген ұсынысын да білдірді.
Б.Жұмағазы.