«Таза бейсенбі» апталық акциясы қарқынды өткізіліп жатыр
- Толығырақ
- Жарияланды 10.10.2024 10:30
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 78
2024-10-10
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Оның аясында партия мүшелері мен еріктілер қауымы әр бейсенбі сайын елді мекендерде тазалық жұмысын өткізіп, табиғатты қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
Маусым айынан бастап аманаттықтар және белсенділер тобы жол бойындағы аумақтар, өнеркәсіптік аймақтар, тұрғын аудандар мен әлеуметтік нысандарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыруға күш салуда.
– Аудан тазалығына жасы да, үлкені де атсалысып келеді. Бұл көңіл қуантарлық игі іс. Жасы үлкен қариялар, дәл осындай қоқыстарды қала маңына бейберекет тастамайды. Көбіне тазалықты сақтамайтын, жауапсыздықпен қарайтын жас буын өкілдері. Сондықтан, қала жастарына тазалық мәдениетін ұстануға шақырамын. Панфилов ауданының гүлденуі, көркеюі тек сіз бен бізге ғана керек,- деді «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев.
Елді мекендерде, көпшілік жүретін күре жолдардың бойында, демалыс аймақтарында өтіп жатқан игі шараға қоғам болып үлес қосылуда. Мәселен, елге танымал азаматтар, спорт шеберлері, ардагерлер мен жастар бір кісідей қатысып келеді.