Саябақ ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 24.10.2024 08:46
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 71
2024-10-24
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Талды ауылының орталығында саябақ ашылды. Ауыл тұрғындарының игілігіне беріліп отырған бұл саябақтың ашылуына Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек, аудан әкімінң орынбасары Қанат Досмайлов, және Талды ауылдық округінің тұрғындары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы кең қанат жайып, оның аясында жерімізді абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары барынша тиянақтылықпен жүзеге асырылуда. Талды ауылын
да ашылып отырған көрікті саябақтың пайдалануға берілуі де – осы бағалы бастаманы қолдау бағытында атқарылып отырған игі іс. Саябақ жанға жайлы, серуендеуге және отбасылық демалысқа өте қолайлы. Сондай-ақ жайлы орындықтар қойылып, келушілердің демалуына жағдай
жасалған. Балаларға базарлық ретінде ойын алаңдары орнатылған. Бұдан бөлек жаттығу құрылғылары орнатылған. Сөзсіз жаңа демалыс орны жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті мекеніне айналмақ. Саябақ ортасына түрлі-түсті жарық беретін су бұрқақ орнатылған.
Республика күні мерекесі қарсаңында Талды ауылдық округінде салтанатты түрде саябақтың ашылуында Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек құттықтау сөз сөйледі, аудан бойынша жеткен жетістіктер, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, оның ішінде Талды ауылында салынып жатқан мектеп, тағы басқа да құрылысы жүріп жатқан нысандар ту
ралы айтып өтті. Ауыл тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
Мұнан соң еңбек ардагері, ауыл тұрғыны Күлбархан Нұртілеуқызы Сауранбаева, «Панфилов
ауданының Құрметті азаматы» Дәулеткелді Наймантаев, «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» Сатқынбай Бердібеков құттықтау сөз сөйледі. Ал ауыл тұрғыны Құрмаш Кенжебеков көпшілікке бата берді.
Салтанатты мәдени шаралар соңында оған жиналғандар аудан және ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Б.Тлеухан.