Жетісу Облысының әкімі құттықтауы

2024-10-25

Жетісу   облысының   әкімі   Бейбіт   Өксікбайұлы   Исабаевтың  25  қазан – Республика  күніне арналған  құттықтауы

 Құрметті жетісулықтар! Еліміздің ұлық мерекесі – Республика күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Төл тарихымызда зор маңызға ие болып, қастерлі тәуелсіздігімізге жол ашқан 25 қазанның бүгінде мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі ерекше. 

 

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың барысында бұл айтулы күн бүгініміз бен болашағымызға деген ортақ жауапкершілікті сезіндіріп, игі істерді лайықты атқаруға жігерлендіреді.

Осы орайда күллі жетісулықтарға елімізді, соның ішінде облысымызды дамытудағы еселі еңбегі үшін шынайы ризашылығымды айтамын.

Біздің ынтымағымыз, елжандылығымыз бен еңбексүйгіштігіміз барлық бастамаларымызға берік негіз, тиянақты тірек болып, ортақ Отанымыз - Қазақстанның игілігіне бірлесіп қызмет ете береміз деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Еліміз өсіп-өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839238