Панфилов ауданы жаркент қаласында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

2024-11-05

Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттар, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты.

 Мектеп заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда 64 кабинет болса, оның 6-ы жаңа модификациялық кабинет, соның ішінде химия, физика, биология, робототехника, STEAM кабинеттері, нано технология т.б. бар. Жалпы барлық пән кабинеттері қажетті әдістемелік, техникалық құралдармен жабықталған. Сонымен қатар ағаш, металл, тігін және басқа да шеберханалар қарастырылған. Акт залы, 2 оқу залы бар кітапхана, 230 орынды асхана, 2 спорт залы, 1 би залы оқушылардың игілігіне қызмет етеді. Оған қоса оқушылардың оқу құралдарына, киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына коворкинг аймақтар қарастырылған.

Мектептегі физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттерде touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Ғимаратта балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларына арналған жабдықтар орнатылған.

Мектепте 1100 бала білім алатын болды.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4859464