Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

2024-12-19

Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды,

оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.

- Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй - коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, - деді Б. Исабаев.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839151