АКЦИЯ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ.
- Толығырақ
- Жарияланды 09.01.2025 06:10
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 16
2025-01-09
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. «AMANAT» партиямыздың мүшелері, аудамыздың белсенділері, жанашырлары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган қызметкерлері акцияны қолдап белсенді қатысуда.
Тазалау жұмыстары қала орталығынан ауылдық елді мекендердің көше бойларында жүргізілді.
Айта кетсек, «Таза бейсенбі» шарасы әр бейсенбі сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Экологиялық акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” жобасы аясында жүзеге асып отыр.