Адал-адам ,адал-еңбек,адал-табыс” – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті
- Толығырақ
- Жарияланды 10.01.2025 10:47
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 16
2025-01-10
Адал-адам ,адал-еңбек,адал-табыс” – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті.Ел Президенті адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы қажет деді. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
Жыл бойы еліміздегі түрлі салада маңдай терімен еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды насихаттау арқылы олардың мәртебесін арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл өз кезегінде адам бойындағы еңбекқорлық, кәсібилік ерекше қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге сеп болмақ. 10 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Жастар орталығының әдеп және құқық жөнінде координаторы Ілияс Ерікбекұлы қатысып адал еңбек жайында өз ойын ортаға салып, президенттің бастамасын қолдайтынын айтты. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Балалар және қалалық кітапхана қызметкерлері де қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.«Еңбек-ең басты құндылық» атты видео ролик оқырман назарына ұсынылды.«Еңбегімен ер сыйлы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, библиографиялық дайджест жасалды. Қатысқан адам саны-12.