Әкімдер есебі: халық пен билік арасындағы сұхбат

           Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес және    «100  нақты  қадам»   Ұлт  жоспарында көзделген мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында  ауданымызда қаңтар айының 16-сынан  31-іне дейін  барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі өтті.

 

            Қаңтардың 30 жұлдызында Жаркент қаласы  тұрғындарының  алдында аудан әкімі Темірлан Бектасов пен Жаркент қаласының әкімі Ермек  Нұрахметов есеп берді.

            Жаркент  қаласының әкімі Ермек Нұрахметов қала бойынша атқарылып жатқан  жұмыстарға тоқталды. «Өткен 2017 жыл қала тұрғындары  үшін қуанышты жыл болды. Көгілдір газ қалаға жеткізіліп, бүгінгі күні 51 шақырым газ құбырлары тартылып, 140 үйге  газ қосылды. Сондай-ақ қаладағы 10-нан астам көшеге асфальт төселіп, 6 көше жарықтандырылды. Көшкінов көшесіне көпір салынды.

            Биылғы жылы Жансүгіров, Гаппаров және КСХТ аумағындағы көшелері күрделі жөндеуден өткізілді. Оған  бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылы қаланың Жібек  жолы көшесіндегі  №34, 77 көпқабатты үй аулаларына балалар спорт алаңдарын  күрделі  жөндеуден  өткізеді. Бұған бюджеттен 30,5 миллион теңге қаражат бөлінді. Осылайша қаладағы атқарылған жұмыстарға шолу жасаған  қала әкімі алда тұрған  асқаралы  міндеттерге  де  кеңінен  тоқталды.

            Кездесуде «Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындылары және 2018 жылға қойған мақсат-міндеттері туралы» аудан әкімі  Темірлан  Бектасов  есепті  баяндама  жасады.

            Есепті баяндамадан соң қала тұрғындары Нұрғайша Шәйділдинова, Галина Борисова, Нариман Азизов, Шәріп Рахмиденов, Тұрсын Семьятов, отец Вионор сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін айтты, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

            Жиналысқа қатысушылар аудан әкімі мен қала әкімінің есебіне қанағаттанарлық бағаларын берді.

Б.Тлеухан.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124247