Асқар таулар аласармайды
- Толығырақ
- Жарияланды 09.02.2018 04:49
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 2151
Осы бір даналық сөз – көнеден келе жатқан тәлімді тәмсіл бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған абзал ағамыз – Ғалым Тұрғанбаевқа қаратып айтылғандай. Алматы облысының, Панфилов, Ақсу, Көксу аудандарының «Құрметті азаматы», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері ... Бұл тізімді тізбектеп соза беруге де болады, әйтсе де ердің атын еліне сіңірген елеулі еңбегі шығарады емес пе, шаруасы шайқалып тұрған шаруашылықтар мен еңсесі еңкейген өңірлерді өркендетуге лайықты үлесін қосқан Ғалым ағамыз – қандай да марапатқа лайықты тұлға.
Бітімі бөлек, ойы терең, кеудесі қазына, тура сөйлеп тіліп түсетін алдаспан мінезді абзал ағамыздың бұл мерейтойы – халықтың мерейтойы. Қандай да той болмасын ол халықтың қазынасы емес пе?! Ендеше, осындай торқалы тойларымыз тарқамасын, ағайын!
Құрметті Ғалым Тұрғанбайұлы, Сізді барша аудан тұрғындары атынан бүгінгі мерейтойыңызбен құттықтаймын!
Сізге ғибраты мол ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін!
Темірлан Бектасов, Панфилов ауданының әкімі.