Жол азабынан кұтылатын күн жақын

   Республикалық маңызы бар Қорғас  - Алматы автомагистралының тақтайдай  тегіс жолы  баратын  қашықтығыңды едәуір  қысқартады. Бұған да шүкіршілік. Әйтседе осы автобаннан  Жаркентке жеткізер жол бөлігі (Көктал мен Айдарлы ауылдары арқылы  өтетін) 30 шақырымды қамтиды.    Жол деген  аты болмаса шоқалағы көп, бұралаң - бұлтарысы мол бұл көлік дәлізінен жүріп көрген жүргіншілердің айтар өкпе – назы да көп. Міне, осы түйткілді мәселені шешудің бір тетігін аудан әкімі Темірлан Бектасов мырза тапқан сияқты.   

   

            Дүйсенбідегі  әкімдіктің аппарат мәжілісінде  өңір басшысы  осы аралықтағы жолдың жасалатынын мәлімдеді. Күн жылынысымен-ақ  бұл іс қолға алынар болса – жолаушылар жол азабынан біржолата құтылмақ. Солай болсын  дейік.

Қ. Құсайын .

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840410