Ел игілігі үшін қыруар қаржы жұмсалмақ
- Толығырақ
- Жарияланды 02.03.2018 03:50
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1947
Жуырда Панфилов аудандық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтіп, онда осы жылға арналған аудан бюджеті нақтыланып, бюджетке қосымша 271,6 миллион теңге қаржы қарастырылды.Негізінен бұл қаржы төмендегі салаларды дамытуға жұмсалады:
- Қорғаныс саласы бойынша «Монша» учаскесінен бастап «Өсек» тоғанына дейін Өсек өзенінде бұзылған бөгеттер мен тор жәшіктерді қалпына келтіру мен жағалауды бекіту жұмыстарына 50,0 млн.теңге бағытталса,
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша Жаркент қаласындағы Өркен саябағын абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға 2,2 млн. теңге, Жаркент қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға Жібек Жолы даңғылына 1,4 млн. теңге, Б.Назым көшесіне 1,1 млн. теңге,
-Білім саласы нысандарын дамыту мақсатында Басқұншы ауылындағы Крылов атындағы орта мектебі, Аққұдық ауылындағы Байбатшаев атындағы орта мектебі және Шежін ауылындағы Шежін орта мектебіне ескірген ғимараттардың орнына жаңа ғимараттар құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттамаларын дайындауға жалпы 56,8 млн.теңге қаржы игерілмек.
Ал Мәдениет саласында Нағарашы ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға 4,2 млн. теңге,
-Автомобиль жолдарын дамыту үшін Жаркент қаласының көше жолдарын күрделі жөндеуге 50,0 млн.теңге, Жаркент қаласының Пушкин-Қонаев, Табынбаев-Уәлиханов, Табынбаев-Қонаев, Пушкин-Сыпатаев, Б.Назым-Зульяров 5 көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатуға жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға 10,7 млн.теңге қаржы қарастырылып отыр.
Сондай-ақ Көктал және Үшарал ауылдық округінің әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжаттама дайындауға 4,0 миллион теңге бөлінеді.
Мұндай көпшілік үшін көзайым боларлық игілікті шаралар Шежін өзені бойындағы Киров каналын жөндеу бойынша (бұған облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге қаржы қарастырылмақ).
Бір сөбен айтқанда, өңірдің тізгінін жаңадан ұстап отырған аудан әкімі Темірлан Бектасов мырзаның «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген нақылды бойтұмар етіп ұстанып отырған жайы бар. Ендеше, аудан әкімінің ұстанып отырған бұл бағыты-айналасындағы қала мен ауылдық округ әкімдеріне де жұғысты болғай.
(Өз тілшіміз).