Басқару қызметінің маңыздылығы

Наурыздың 3 жұлдызында  аудандық әкімдікте  әкімдік  мәжілісі өтіп, оған мекеме, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы және ауылдық  округ әкімдері, мамандар, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері  қатысты.

 

                                Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп отырды.

                Мәжілісте «Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару  қызметі бөлімшесінің жұмысы туралы» аудан әкімінің  орынбасары Шухрат Құрбанов баяндама жасады.

                Баяндамашының айтуынша Панфилов ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті  атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-202 бірлік болса, бүгінгі күні нақты саны-196,  бос лауазымдар саны-6. 196 мемлекеттік қызметшінің ішінде жоғары білімі барлар-187. Қызметшілердің орташа жасы-41, мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі-10,5 жыл, «Е-қызмет» жүйесіне аудандық әкімдіктің 15 бөлімі онлайн режимде-13 ауылдық округ арнайы желі тартылмағандықтан онлайн режимге көшкен жоқ.

                Негізінен «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі жұмыста бірқатар олқылықтар кездесуде. 2018 жылдың 16 қаңтарына  ұсынылған мәліметтерге сәйкес Панфилов ауданы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу бойынша 8 орында. Оған себеп-жүйеде жұмыс істеудің бірқатар талаптарын орындамауда болып отыр. Қағаз жүзінде қабылданған құқықтық актілердегі мәліметтер мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер арасында сәйкессіздіктер орын  алуда. Мұндай кемшіліктер Жаркент қаласы, Талды, Үлкеншыған, Басқұншы, Қоңырөлең, Бірлік, Пенжім, Айдарлы, Үшарал, Сарыбел ауылдық округ әкімі аппаратында, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, ауыл шаруашылығы  бөлімдерінде орын алған. Аталған бөлім басшылары мен округ әкімдеріне жауапты маманның жауапкершілігін арттырып, осы бағыттағы жұмыстарды біріздендірілуі қажет. Сонымен қатар «онлайн» режимге көшкен жер қатынастар, сәулет және қала құрылысы, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы, қаржы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, ішкі саясат бөлімдері құжаттарын жүйеге күнбе-күн енгізбей отыр. Осы аталған кемшіліктердің салдарынан ауданымыздың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде «онлайн» режимде жұмыс істеу көрсеткіші төмен.

                Мұнан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қосымша баяндаманы аудан әкімінің орынбасары Думан Төреханов жасады.

                Әкімдік мәжілісі «Панфилов ауданында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы»  аудан әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №76 қаулысының орындалу барысы туралы» аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова хабарлама жасады. Хабарламада мәлім болғандай ауданда Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар  атқарылды.

                Бүгінгі күні аудан бойынша 1 қала және 13 ауылдық округке қарасты 39 діни бірлестік  тіркелген. Оның 36-сы ислам мешіті, 2 православ, 1 протестанттық  «Агапе»  шіркеуі  бар.

                Аудандағы тіркелген 36 мешітте барлығы 36 бас имам қызмет атқарады. Имамдардың 5-і жоғары  білімді, 8-і орта білімді, 23-і курстар оқыған. Христиандық бағыт бойынша дін басыларының білім деңгейлері жоғары және орта білімді. Мешіттердегі жасы келген қарт имамдарды ауыстыру мақсатында «Нұр Мүбарак» университетінің және Әбу Ханифа медресесінің жас мамандары шақырылды. Бүгінгі күні 8 маман наиб имам болып орналастырылды.

                Ақпараттық түсіндіру жұмысын іске асыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, халықтың діни сауаттылығын көтеру, діни жағдайды тұрақтандыру, конфессияаралық қатынасты дамыту және қалыптастыру мақсатында ауданда топ құрылған. Жоспар бойынша өткен жылы 96 кездесу, 10 семинар, 7 дөңгелек үстел, 1 пікірталас өткізілді. Барлығы 146 іс-шараға 11260 адам қатысты.

                Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Т.Бектасов қортындылады. Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 Б.Бейсенқызы.

 

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net