Мерейлі мереке шуағы

         Наурыз айының 7 жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті.   Аналар мерекесіне  арналған салтанатты жиынды аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, залда отырған ақ жаулықты аналар мен ару қыздарды көгілдір көктем айындағы мереке қуанышымен құттықтап, аяулы да ардақты жандардың өнегелі өмірлері  мен еселі еңбектерін, қоғамдағы қыруар қызметтерін әспеттейтін баяндама жасады.

         Бұдан соң аудан әкімі Т.Бектасов салтанатты сәт үстінде  аналардың үлкен тобына Білім және ғылым министрлігінің, Алматы облысы әкімінің, аудан әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде табыстады.

          Салтанатты жиында Панфилов ауданының  «Құрметті азаматы» С.Үшбаев, полковник  С.Сәрсенов, аудандық  ІІБ-нің қызметкері М.Тимурұлы, Еңбекші орта мектебінің мұғалімі Р.Заиров сөз алып, аналарға деген ақжарма тілектерін білдірді.

          Салтанатты жиналыстың соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

(Өз   тілшіміз).

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840451