Ғасырмен құрдас әже
- Толығырақ
- Жарияланды 16.03.2018 10:46
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1997
Көктал ауылының тұрғыны Әмина Илиева 100 жастан асқан асыл әжелердің бірі. Ғасырдан артық өмір сүріп отырған аяулы ананың 5 баласы, 13 немересі, 21 шөбересі және 2 шөпшегі бар. Үлкен қызы 81 жаста, ал үлкен немересі 56 жаста. Бүгінгі таңда ұлы Абдукаримнің қолында.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың арнайы құттықтауын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ бір ғасырдан артық ғұмыр кешіп отырған кейуанаға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеп, мәпелеп бағып отырған балаларына ризашылық білдірді.
Б.Жұмағазы.