Жасыл әлем-көңілге көрік

Құстар қанатының суылымен бірге келген көгілдір көктемдегі жыл басы - әз Наурыздың жерге құт, елге береке сыйлайтыны бесенеден белгілі.  Жердің тоңы кетіп, топырағы гүлдер кезде ауласына тал-терек көшеттерін, жеміс ағаштарын отырғызып жататын қолы ұсынықты, кеудесі сыр сандық қарияларды бала кезімізде жиі көретін ек. Сол бір игі дәстүрдің  жарасты жалғастығы болар, аудан әкімі Темірлан Бектасов мырза да көктемнің  көрікті айы-Наурыздағы мереке қарсаңында жақсы бір бастаманы қолға  алған екен: орталық алаңға жасыл желекті қарағай мен шырша көшеттерін отырғызу ісіне мұрындық болғаны қандай ғанибет.

          «Бір тал ағаш кессең, он тал көшет отырғыз» деген бұрынғылардан қалған тәлімді тәмсілге ден қойған өңірдің жаңа басшысы өзі бас болып аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңқайға ә деп 18 дана қарағай көшетін отырғызды. Осы алаңдағы отырғызылатын бұл  жасыл көшеттердің    саны 62-ге жетпек.

           Республикалық «Жасыл ел»  бағдарламасын жүзеге асырудағы көңіл тоғайтатын бұл бастама жергілікті жердегі әкім-қараларға да жұғысты болып жатса, қанеки.

Қ.Бейсебай.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840408