Мәселенің бәрі маңызды
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2018 03:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1892
Жуырда Алматы облыстық мәслихатының депутаты Мұрат Амангелдіұлы Әубәкіров тұрғындарды қабылдады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында өткен бұл шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Досмаилов және БАҚ өкілдері қатысты.
Ауданымызда облыстық мәслихаттың үш депутаты бар. Солардың бірі, халық қалаулысы М.Әубәкіров тұрғындар арасында жиі болады. Сондай-ақ тұрғындардың түрлі проблемаларын шешуге көмектеседі де.
Сәуір айының 17-і күні болған қабылдауында тұрмысы төмен отбасыларының өтініштерін қанағаттандырып, оларға қолдан келгенше көмек көрсететіндігін айтты.
Қабылдауға келушілер облыстық мәслихаттың депутаты М.Амангелдіұлына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Б. Жұмағазы.