Тұрғындарды қабылдады

         Мамыр айының 15-і күні  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев ауданымызға арнайы іссапармен келіп кездесу өткізді. Кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып жүргізіп отырды.

         Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай елімізде жоспарға сәйкес өткізілген бұл кездесуге аудан активі,  Департамент  жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысты. Сондай-ақ мәслихат депутаттары, мекеме, ұйым басшылары, округ әкімдері, білім беру мекемелерінің басшылары, тағы басқалар шақырылды.

          Бұл күні С. Нұрғисаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке өтініштері бойынша  қабылдау  өткізді.

          Онда жер мәселесі, тұрғын үй салуға жер кезегі туралы, мүгедектік алу туралы және материалдық көмек мәселелері бойынша түрлі сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарылды.

Б.Жұмағазы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840472